«Қашықтан оқыту жағдайы және білім берудің негізгімәселелері»

«Қашықтан оқыту жағдайы және білім берудің негізгімәселелері» тақырыбында Қызылорда облысының әкіміГ.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 03.06.2020, 11:00
  • 03.06.2020, 17:00

Нурмаханова Ансаган 03.06.2020, 15:28, Сұрақ нөмірі: 9376

  • 0

Сәлеметсіз бе, Гүлшара Наушақызы! Балам осы жылы мектепке барады. Биылғы жылғы карантин жағдайын ескере отырып, 1-сыныпқа құжаттарды қалай тапсыруға болады?

Қызылорда облысы 03.June.2020, 16:23

Қайырлы күн, Аңсаған! Сауалыңызға рақмет. Балаңызды мектепке қабылдауда айтарлық проблема туындамауы тиіс. Өзіңіз тұратын аймақта мектепке қажетті құжаттарыңызды реттей отырып тапсыра аласыз. Биылғы қабылдау автоматты, яғни мектепке бармай-ақ, электронды түрде құжат өткізіп, балаңызды мектепке орналастырасыз. Бұл үшін «E-Gov» Үкімет порталы мен sitcen.kz сайты арқылы 30 тамызға дейін мектепке қабылдау процесі жүреді. Осы жұмыстарды облыстық білім басқармасы үйлестіретін болады.