«Қашықтан оқыту жағдайы және білім берудің негізгімәселелері»

«Қашықтан оқыту жағдайы және білім берудің негізгімәселелері» тақырыбында Қызылорда облысының әкіміГ.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 03.06.2020, 11:00
  • 03.06.2020, 17:00

Есназарова Калдыгуль 03.06.2020, 16:45, Сұрақ нөмірі: 9377

  • 0

Мен көпбалалы анамын. Биылғы жылы қызым 11-сыныпты аяқтады. Таңдаған мамандығы математика пәнінің мұғалімі. Сізге қояр сауалым, алдағы өтетін ҰБТ-де нендей өзгерістер бар және бізге қаңдай жеңілдіктер қарастырылған?

Қызылорда облысы 03.June.2020, 17:07

Сауал қалдырғаныңыз үшін рақмет. Қызыңызға биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде сәттілік тілеймін. Талапкерлер 5 пән бойынша 120 сұрақтан тұратын тест тапсырып, ең жоғары 140 балл жинауға мүмкіндік алады. Балаңыз педагогика мамандығын таңдап отырса, ол үшін биылғы өзгеріске сәйкес шекті 70 балды жинауы керек. Сондай-ақ, мемлекеттік гранттар оқыту тіліне қарамастан бөлінеді. Универсиеттерге бөлінетін республикалық гранттардан бөлек, 2013 жылдан бастап облыс әкімдігінің гранты тағайындалып келеді. Аталған гранттар арнайы категория негізінде беріледі. Сіздің балаңыз конкурсқа қатыса отырып, грант иеленуге мүмкіндігі бар.