Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" тақырыбына Интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ахметов Азамат Қуатұлы жауап береді.
- Сұрақтар: 19
- Жауаптар: 19
- 04.06.2020, 09:00
- 04.06.2020, 17:00
Бейсеев Жансерік 04.06.2020, Сұрақ нөмірі: 9382
Қайырлы күн, жақында бір жағдай болды. Соған байланысты мені мазалаған сұрақ мынандай: "Мен моральдық зиянды өтеуге сене аламын ба және сатушыдан қандай қаражат талап ете аламын?
ҚР Сауда және интеграция министрлігі 04.06.2020
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызға рахмет! Әрине, Сіздің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда моральдық зиянды өтеуге құқылысыз. ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 21-бабына сәйкес моральдық зиян сатушының кінәсі болған кезде өтелуге жатады. Зиян мөлшерін сот айқындайды. Нақты мәселе бойынша Комитетке шағымдануыңызға болады 74-91-68.