Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" тақырыбына Интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ахметов Азамат Қуатұлы жауап береді.
- Сұрақтар: 19
- Жауаптар: 19
- 04.06.2020, 09:00
- 04.06.2020, 17:00
Храмов Денис 04.06.2020, 15:01, Сұрақ нөмірі: 9387
Мойындауымыз керек. Елдегі тұтынушылардың көпшілігі өз құқықтарын қорғамақ түгілі, қандай құқықтық мүмкіндіктерінің бар екендігін де біле бермейтін. Халықтың бұл әлсіздігін қызмет көрсетушілер де жақсы біледі және үнемі пайдасына асырып та келді. Парламентте талқыланып жатқан заң жобасы болашақта бұл әділетсіздікке тоқтау болатын құнды құжат болады деген ойдамыз. Және сенеміз. «Бек Эйр» әуекомпаниясының бұзған тұтынушылық талаптарын қалыпқа келтіруде табандылық таныттыңыздар. Сот шешімімен келіспейтіндеріңізді ашық айттыңыздар. Нағыз қарапайым тұтынушы халықтың шын жанашыры екендіктеріңіздің бір дәлелі болғандай. Енді осы істің немен аяқталғанын білсек деп едік. 700 ден астам жолаушының талап-тілегі қанағаттандырылды ма?
Журналист КТК Руслан Әбдіхалық
ҚР Сауда және интеграция министрлігі 04.June.2020, 16:41
Қайырлы күн! Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті күшін жойған рейстерге төленген тұтынушылардың ақша қаражатын қайтару бойынша барлық шараларды қолдануда. "Бек Эйр" АҚ-ның атына Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотына талап-арызбен шағымданды. Келесі сот отырысы 11 маусымда. Сот отырысы нәтижесін бұқаралық ақпарат құралдарынан көре аласыз.