Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" тақырыбына Интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ахметов Азамат Қуатұлы жауап береді.
- Сұрақтар: 19
- Жауаптар: 19
- 04.06.2020, 09:00
- 04.06.2020, 17:00
Тоқбай Елдана 04.06.2020, 15:31, Сұрақ нөмірі: 9390
Сұрағым көбіне фотоға түсіру және бейнетүсірілім түсіруге сатушы тыйым салатын жағдайлар болады. Заңды ма?
ҚР Сауда және интеграция министрлігі 04.June.2020, 16:13
Қайырлы күн, Елдана! Заңсыз. ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 24 бабына сәйкес сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) фото-, бейнетүсірілімді қолдануға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады.