Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" тақырыбына Интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ахметов Азамат Қуатұлы жауап береді.
- Сұрақтар: 19
- Жауаптар: 19
- 04.06.2020, 09:00
- 04.06.2020, 17:00
Жақсыбай Гүлшат 04.06.2020, 16:04, Сұрақ нөмірі: 9394
Шарт бойынша пәтерде құрылысшылар бригадасы құрылыс-жөндеулерді өткізген. Бірақ жұмыс тиісті мерзімде орындалған жоқ, сонымен бірге орындаушы ескертулер мен жетіспеушілектерді жоюды бас тартады. Жұмысты мерзімде аяқтамағаны үшін өтемақыға құқығым бар ма?
ҚР Сауда және интеграция министрлігі 04.June.2020, 16:46
Қайырлы күн! Біріншіден, жұмыстың жетіспеушіліктері бойынша егер шарттпен жасасу кезінде жұмысты орындаудың нақты мақсаттары туралы хабардар етсе, орындаушы тұтынушыға тиісті сападағы, осы мақсаттарға сәйкес пайдалануға жарамды жұмысты орындауға міндетті. Екіншіден, жұмысты орындауды бастау және аяқтау мерзімдерін бұзғаны үшін, сондай-ақ жұмыстағы кемшіліктерді жою мерзімдерін бұзғаны үшін орындаушы, егер шартта, мерзімін өткізіп алудың әрбір күні үшін жұмыс көрсетілетін қызмет құнының бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге тиіс. Ол үшін орындаушыға шағыммен жүгіну қажет. Егер күнтізбелік он күннің ішінде орындаушы шағымға жауап бермесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 8-бабына сәйкес Сіз сотқа жүгінуге құқылысыз. Сонымен бірге Комитет қызметшілері Сізге арыз-шағым дайындауға, талап-арыз жазуға барлық керек көмекті көрсете алады.