Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" тақырыбына Интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ахметов Азамат Қуатұлы жауап береді.
- Сұрақтар: 19
- Жауаптар: 19
- 04.06.2020, 09:00
- 04.06.2020, 17:00
Ахметжанова Шолпан 04.06.2020, 16:11, Сұрақ нөмірі: 9396
Қайырлы күн. Менің тұтынушы ретінде қандай құқықтарым бар?
ҚР Сауда және интеграция министрлігі 04.June.2020, 17:04
Қайырлы күн ! «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына сәйкес, Тұтынушылардың: 1) тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) иеленуге еркін шарт жасасуға; 2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сауаттандыруға; 3) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға; 4) қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға; 5) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауға; 6) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына; 7) тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге; 8) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге; 9) сатушыдан (орындаушыдан, дайындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты алуға; 10) ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы бойынша ойындардың бастамашысына (ұйымдастырушысына) кінә қоюға; 11) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға; 12) моральдық зиянды өтетуге; 13) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға; 14) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.