Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Төреғали 21.04.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Ассалаумағалейкум! Сұрақтарға қарап отырсам, барлығының жағдайлары бірдей, яғни электр энергиясының тапшылығы, осы сіздер АЭС салу жолын айтқан едіңіздер, осы мәселе неге үнсіз қалды, осының бастамасы барма, әлде жоқпа?

Администратор 27.07.2008

Жауап: Қазақстанда жаңа энергия қуаттарын енгізу, оның ішінде атом электр станциясын (АЭС) салу жөнінде алаңдаушылық білдіргеніңіз үшін сізге алғысымды білдіремін. Қазір Атом энергетикасын дамытудың 2030 жылға деиінгі негізгі бағыттары әзірленуде. Сондай-ақ Ақтау қаласында АЭС құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу басталды. Қаржыландыру қамтамасыз етілген жағдайда Ақтау қаласындағы АЭС-тің техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуді аяқтау – 2010 жылға, жобаны әзірлеу – 2013 жылға, АЭС құрылысын бастау – 2013 жылға, және пайдалануға беру – 2016 жылға жоспарланған.