«Облыстағы тілдік ахуалдың жай-күйі»
«Облыстағы тілдік ахуалдың жай-күйі» тақырыбында интернет-конференция.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 05.06.2020, 10:00
- 05.06.2020, 16:00
Хамитқызы Марал 05.06.2020, 11:41, Сұрақ нөмірі: 9414
Соңғы үш жылда Талғар ауданында біраз атауы жоқ көшелерге атау берілген болатын, ал биылғы жылы не себепті бірде-бір көшеге атау берілмей отыр, берілген жағдайда қандай атаулар беріледі?
Алматы облысы 05.06.2020
Ағымдағы жылы өткізілетін халық санағына байланысты 2020 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, тарату мен қайта құру және елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, атауын өзгерту жұмыстары уақытша тоқтатылған. Сол себепті ономастикалық нысандарға атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстар тапсырмада белгіленген мерзім өткеннен кейін, яғни 2021 жылы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралатын болады. Өздеріңізге белгілі бұрындары ономастикалық нысандарға кез-келген адамдардың есімдері берілді. Бүгінгі таңда бұл шаралар тоқтатылып, әрбір атау мемлекеттік тұрғыда қаралуда. Бірінші кезекте біздер болашақ ұрпаққа елдің, жердің атаулары ұлттың тарихы мен табиғатынан сыр шертетін атауларды мирас етуіміз керек. Ол үшін ортақ тарихи сананы қалыптастыруымыз қажет. Осы мақсатта идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыру жұмыстары Республикалық ономастика комиссиясымен мақұлданған «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су аттары», «Дәстүрлі атаулар» негізінде жасалған тізімдерге сәйкес жүргізілуде.