«Шығыс Қазақстан облысының білім саласын цифрландыру»

Шығыс Қазақстан облысының білім саласын цифрландыруға қатысты сұрақтарды қарау

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 16.06.2020, 09:00
  • 16.06.2020, 18:00

Шуршитбай Айнур 16.06.2020, 14:33, Сұрақ нөмірі: 9441

  • 0

Қайырлы күн! Облысымызда балаларға арналған инновациялық орталық ашылды деп естігенім бар. Бұл тегін білім беру орталығы ма?

Шығыс Қазақстан облысы 16.June.2020, 17:00

Сәлеметсіз бе! «Jastar Time» инновациялық орталығы 2020 жылдың 15 маусымынан бастап ашылады. Оқыту – тегін. Орталықта 2D/3D графика, бағдарламалау, бейнефильмдер жасау, бизнес және кәсіпкерлік негіздері бойынша оқушыларды оқыту жүзеге асырылады. Орталық ІТ саласында тәжірибемен және идеялармен алмасуға арналған кәсіби бағдар беру және іскерлік алаң болып табылады. Оқу курсын Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың жетекші ғалымдары дайындап, жүргізеді. Бағдарлама мектеп бағдарламасыменн қайталанбайды және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған. Орталыққа қабылдау үшін оқушылар портфолио ұсынады және математика, логика және ағылшын тілі бойынша тестілеуден өтеді.