«Халыққа көрсетілетін әлеуметтік көмектер туралы»
«Халыққа көрсетілетін әлеуметтік көмектер туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 24.06.2020, 10:00
- 24.06.2020, 17:00
Жаңабаев Ерасыл 24.06.2020, 11:20, Сұрақ нөмірі: 9458
Гүлшара Наушақызы, "Жұмыспен қамтудың Жол картасы" арқылы жастарды жұмыспен қамту мүмкіндігі қаншалықты?
Қызылорда облысы 24.June.2020, 11:42
Сұрағыңызға рахмет. Пандемияға байланысты карантин кезінде табысынан айырылған халықты жұмыспен қамту мақсатында «Жұмыспен қамту Жол картасы» қабылданды. Жол карта аясында 276 жоба іске асырылып 9299 жұмыс орындарын ашу жоспарлануда, оның 50% (4649) жұмыспен қамту орталықтары арқылы, жұмысберушілер өз тарапынан 50% жұмысқа қабылдайды. Негізгі басымдық жастарға беріледі. Жобаларға қатысатын азаматтарға орташа жалақы, экологиялық үстемақыны есептемегенде ең төменгі екі жалақы мөлшерінде (85 мың теңге) төленеді. Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен басқа елді мекендерден тартылған азаматтарға жалақыға қоса бір дүркін 85 мың теңге (подъемный) төленеді. Жол карта аясында ашылатын барлық бос жұмыс орындары туралы мәліметтер «Enbek.kz» электронды еңбек биржасы сайтына орналастырылуда. Сонымен қатар, жобаға қабылданған жұмыскерлерге карантин режимінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу, медициналық тексеру, жұмыс орнына дейін жұмыскерлерді тасымалдау мәселелерін рекруттік мобилдік пункттер ұйымдастырды. Бүгінгі таңға, 248 жоба бойынша жұмыстар басталып, нақты 3536 адам жұмысқа қабылданды. Соның ішінде 2676-ы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылса, оның 1768-і жастар. Жол картасы тек жұмыспен қамту ғана емес, басқа да мультипликативтік нәтижелер береді. Біріншіден, облыста 9299 жаңа жұмыс орындарын құрылып, жұмыссыз жүрген азаматтар жұмыспен қамтылып, отбастарына 3-4 айға дейін тұрақты түрде табыс алса, 452 азамат тұрақты жұмыспен қамтылады. Екіншіден, облыстағы жылдап шешімін таппаған маңызды мәселелер шешілуде. Мысалы: - жаңадан екі мектептің құрылысы салынып, Қызылорда қаласында (Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық мектеп») 1500-ге жуық мектеп жасындағы балалар жақын жерден мектепке қатынауға мүмкіндік алады. Ал, Арал ауданында мектеп (Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп») салынған жағдайда мектеп оқушылары поезд жолдан өтпей мектепке қатынайды. - облыс аумағындағы жергілікті маңызы бар 174,1 км автомобиль жолы және 3 көпір жөндеуден өтеді. - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының көптеген мәселелері шешілуде: 28 км су құбыры, 4,55 км кәріз желілері қайта жаңартылып, 37,8 км газ құбыры жүргізіліп 2,5 мыңнан астам адам табиғи газбен қамтамасыз етіледі. - 30 балалар ойын алаңы, 70 аялдама және 29 көше жарықтандырылып, аулалар абаттандырылады. - спорт нысандарының құрылысы, күрделі жөндеу бұқаралық спорт дамуына және облыс аумағында спорттын жаңа түрлерінің ашылуына (каноэ және байдарка базасының құрылысы) септігін тигізетін болады. Үшіншіден, жол картасы аясында іске асырылатын жобалар шеңберінде тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге көзделген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде 90% отандық өндірушілерден сатып алынуы жергілікті кәсіпкерлерге қолдау болады