«Халыққа көрсетілетін әлеуметтік көмектер туралы»
«Халыққа көрсетілетін әлеуметтік көмектер туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 24.06.2020, 10:00
- 24.06.2020, 17:00
Ибрагимов Мусахан 24.06.2020, 11:55, Сұрақ нөмірі: 9459
Құрметті Гүлшара Наушақызы! Табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдау бағытында қандай шаралар жасалуда?
Қызылорда облысы 24.June.2020, 13:17
Сәлеметсіз ба! Сұрағыңызға рахмет. Табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдау еліміздің басымдықтарының бірі болып табылады. 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап енгізілген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерімен табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты қарастырылған: - көп балалы отбасыларға табысына қарамастан ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеу; - аз қамтылған отбасыларына ақшалай түрде атаулы әлеуметтік көмек төлеу; - аз қамтылған отбасыларындағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсыну (азық-түлік жиынтығымен және тұрмыстық химия жиынтығымен қамтамасыз ету; оқу орны бойынша тегін тамақтануды, мектеп формасы мен мектеп керек жарақтарын, қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру). Бүгінгі күнге 9 145 отбасына жалпы сомасы 2 млрд. 118 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, қаңтар-мамыр айларына 1 млрд. 634 млн. төленді, оның ішінде көп балалы отбасылардың саны - 4010. Облыс бойынша жалпы халықтың 5,6% атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылып отыр. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыларға, яғни 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған,орта арнаулы немесе жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жасы 23-ке толмаған балалары бар отбасыларына табысына қарамастан төленеді. 2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен жалпы сомасы 6,1 млрд теңгеге орта есеппен 25,8 мың отбасы қамтылды. Мамыр айында аталған жәрдемақы түрін жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгеге 26,2 мың отбасы алды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 13 мамырында Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойып, 8 және одан да көп балалары бар отбасылар үшін жекелеген мөлшерді белгілеу жолымен жаңа жәрдемақыны кеңейту қамтамасыз етілді. Анықтама үшін: 4-балаға – 16,03 айлық есептік көрсеткіш – 44 531 теңге; 5-балаға – 20,04 айлық есептік көрсеткіш - 55 671 теңге; 6-балаға – 24,05 айлық есептік көрсеткіш – 66 811 теңге; 7-балаға – 28,06 айлық есептік көрсеткіш – 77 951 теңге; 8- және одан көп баласы бар отбасыларға – әрбір балаға 4 айлық есептік көрсеткіш төленеді. 8 балаға берілетін жәрдемақы 88 896 теңге, 9 балаға – 100 008 теңге, 10 балаға – 111 120 теңге, 11 балаға – 122 232 теңге, 12 балаға – 133 344 теңге, 13 балаға – 144 456 теңге, 14 балаға – 155 568 теңге, 15 балаға – 166 680 теңге, 16 балаға – 177 792 теңге көлемінде белгіленді. Жәрдемақыны кеңейту 470 отбасына әсер етеді, онда қосымша 705 бала қамтылатын болады. Қазіргі таңда бұл отбасыларға қайта есептеу жүргізіліп, 1 шілдеден бастап жәрдемақы төленетін болады. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезеңінде наурыз айынан бастап 60 212 адамға жалпы 745,7 млн. теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтары үшін төлем төленді. Анықтама үшін: 18176 - АӘК алушылар қатарындағы 6-18 дейінгі балаларға – 274,6 млн. теңге; 4708 - 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 50,5 млн. теңге; 25106 - барлық жастағы 1,2,3 топтағы мүгедектеріне – 276,8 млн. теңге; 5087 - мүгедек баланың күтімімен айналысатын ата-аналарға – 53,8 млн. теңге; 7135 – уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздарға – 76,1 млн. теңге. Аймақтық «Birgemiz Qyzylorda» қоры арқылы 50,0 мың теңгеден бір реттік көмек 20 600 адамға жалпы сомасы 1030,0 млн. теңгеге көрсетілді. «Birgemiz» қайырымдылық акциясы аясында 12259 отбасыға 129,8 млн. теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтық түрінде қайырымдылық көмегі көрсетілді. Жеті санатқа жататын облыс тұрғындардан 53 488 өтініш түсіп, коммуналдық қызметтері үшін 15,0 мың теңгеден өтем ақы төленді. Анықтама үшін: Төлем алушылардың 7 санаты: - 1, 2, 3 топтағы мүгедектер; - мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; - көп балалы отбасылар; - Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және мүгедектер мен оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары; - мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде, әскери қызметте, ғарышқа ұшуға дайындық немесе оны орындау кезінде, адам өмірін сақтау кезінде, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғауда қайтыс болған адамдардың отбасылары; - ең төменгі зейнетақы немесе одан төмен зейнеткерлер; - атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.