«Халыққа көрсетілетін әлеуметтік көмектер туралы»
«Халыққа көрсетілетін әлеуметтік көмектер туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 24.06.2020, 10:00
- 24.06.2020, 17:00
Дәулетбаева Ақгүл 24.06.2020, 13:49, Сұрақ нөмірі: 9460
Биылғы жылы да облыс әкімінің гранты жалғасын таба ма?
Қызылорда облысы 24.June.2020, 14:01
Аймақ жастарының білімді болуы, елге қазмет жасауы – бұл ең басты мәселелердің бірі. Осы тұрғыда облыс әкімінің гранты халықтың осал топтарынан шыққан (жетім балалар, мүгедек балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ата-анасының екеуі де зейнеткер болып табылатын, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек, көп балалы, аз қамтылған, асыраушысынан айырылған) балаларға үлкен мүмкіндік беретін көмек. Бүгінгі күнге бөлінген гранттардың саны 1004-ке жетті (2013 жылы – 123 (бакалавр), 2014 жылы - 242 (234 бакалавр, 8 магистр), 2016 жылы - 147 (136 бакалавр, 11 резидент), 2017 жылы -166 (155 бакалавр, 11 резидент), 2018 жылы - 200 (200 бакалавр), 2019 жылы-126 (126 бакалавр). Бұл көмек түрі биылда жалғасын табатын болады. Көмекті тағайындайтын арнайы комиссия Қызылорда қаласы мен аудандарда жұмыс жасайды. Cұрақ қойғаныңызға рақмет.