«Халыққа көрсетілетін әлеуметтік көмектер туралы»
«Халыққа көрсетілетін әлеуметтік көмектер туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 24.06.2020, 10:00
- 24.06.2020, 17:00
Абдикадиров Еркин 24.06.2020, 14:30, Сұрақ нөмірі: 9461
Гүлшара Наушақызы, қазіргі таңда мүгедектігі бар азаматтардың қоғам өміріне араласу белсенділігі байқалады. Осы азаматтарға ең қажетті инватакси қызметінің аясын кеңейту қажет деп есептеймін.
Қызылорда облысы 24.June.2020, 15:52
Дұрыс айтасыз, мүгедектігі бар азаматардың қоғам өміріне араласуы, жұмыс жасауы, үйірмелерге қатысуы, жетістіктерге жетуі – өте құптарлық жағдай. Осы мақсатқа соңгы үш жылда бөлінген қаржы 2,5 есеге артты (2018 жылы – 554,0 млн. теңге, 2019 жылы – 937,0 млн.теңге, 2020 жылы – 1329,0 млн.теңге). Жылдан жылға қызмет көрсету аясы кеңейіп келеді (2017 жылы – 14, 2018 жылы – 16, 2019 жылы – 18). Бүгінгі күні 18 автокөлік (30,2 млн. теңге) 1219 мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетеді (аудандарда - 10, Байқоңыр қаласында - 1, Қызылорда қаласында - 7). Биылғы жылға тапсырыстың ұлғаюына байланысты 8 автокөліктің қызметіне облыстық бюджеттен қосымша 16,6 млн. теңге бөлінді (Қызылорда қаласына - 6 автокөлікке 11,7 млн. теңге, Байқоңыр қаласына - 2 автокөлікке 4,9 млн. теңге).