Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларын сақтау туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларын сақтау туралы » тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Бейсеқұлова Л.М. жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 26.06.2020, 15:00
  • 26.06.2020, 18:00

Жусанбаев Салим 26.06.2020, 17:45, Сұрақ нөмірі: 9466

  • 0

Саламатсыз, Әдеп жөнінде уәкіл дегеніміз кім?

Алматы облысы 26.June.2020, 17:46

Саламатсыз ба, әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.