"Шағын және орта кәсіпкерлік саласының тоқыраудан кейін жандану барысы туралы"
"Шағын және орта кәсіпкерлік саласының тоқыраудан кейін жандану барысы туралы" тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 15.07.2020, 10:00
- 15.07.2020, 17:00
Магдеев Рамиль 15.07.2020, 11:18, Сұрақ нөмірі: 9474
Сәлеметсізбе, Гүлшара Наушақызы!
Ең алдымен осы сәтті пайдалана отырып, Сізді өңірімізге жасап жатқан еңбегіңізге толағай табыстар тілеймін.
Өзіңіз білесіз, Төтенше жағдай кезінде бірқатар кәсіпкерлердің жұмысы тоқтады. Осы шектеулерге байланысты банктер кәсіпкерлердің несиелерін өтеу мерзімдерін 3 ай кейінгі мерзімге қалдырды. Дегенмен төтенше жағдай шектеулері алынғанымен карантиндік шектеулер әлі күнге жалғасуда.
Осы жалғасқан шектеулерге байланысты несиелерге қолдау жалғасын табады ма?
Қызылорда облысы 15.July.2020, 11:23
Сұрағыңызға рахмет! Биылғы жылы әлемде COVID-19 коронавирусының таралуына байланысты еліміз төтенше жағдай режимін өткізіп, Үкімет төтенше жағдайдан кейін тұрғындар мен бизнеске қолдау көрсету мақсатында дағдарысқа қарсы нақты шараларды қабылдады. Атап айтсақ, Үкімет шағын және орта бизнестің екінші деңгейдегі банктер мен қаржы ұйымдарының алдындағы міндеттемелерін ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін үш ай мерзімге кейінге шегеруді (отсрочки по кредитам) тапсырған болатын. Нәтижесінде банктер мен қаржы ұйымдарының Қызылорда облыстық филиалдары жалпы 2035 шағын және орта бизнес өкілдерінің несиесін қайта құрылымдап, үш айға, яғни ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін кейінге шегерді. Өзіңізге белгілі, қазіргі таңда елімізде төтенше жағдай режимінің аяқталуына қарамастан, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызметі толық қалыпқа келген жоқ. Яғни, тауарлар мен қызметтерге сұраныс көлемі қысқарып, айналым мен түсімдердің төмендеуі байқалады. Бұл ретте, Үкімет шағын және орта бизнес субъектілері үшін несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мерзімін ұзарту немесе мемлекеттік бағдарламалардың жеңілдетілген шарттары негізінде міндеттемелерін қайта несиелендіру мүмкіндігін қарастырды. Ендігі, өңір кәсіпкерлерінің 2020 жылдың 16 маусымынан бастап 15 қыркүйегіне дейін қосымша қолдау шараларын беру жөніндегі өтінішпен банктер мен микроқаржы ұйымдарына қайта жүгіну құқығы бар екендігін атап өтемін. Несие ұйымдары әрбір кәсіпкердің жалпы қаржылық жай-күйіне, оған төтенше жағдай мен карантиннің әсеріне, оны қайта қалпына келтіру перспективаларына жеке бағалау жүргізеді. Мұндай мүмкіндікті шағын және орта бизнестің барлық субъектілері, оның ішінде бұрын несие төлемдері кейінге қалдырылған бизнес субъектілері пайдалана алады.