"Шағын және орта кәсіпкерлік саласының тоқыраудан кейін жандану барысы туралы"
"Шағын және орта кәсіпкерлік саласының тоқыраудан кейін жандану барысы туралы" тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 15.07.2020, 10:00
- 15.07.2020, 17:00
ДІЛМАНОВ БІРЖАН 15.07.2020, Сұрақ нөмірі: 9475
Құрметті Гүлшара ханым!
Жұмыссыздықтан арылып кәсіпкерлік бағытқа бет бұрғым келеді. Кәсіп бастау үшін құжаттарды жинақтау көп жүруді қажет етеді.
Өзіңіз білесіз қазіргі кезде карантиндік шектеулерге байланысты көп мекеменің қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеуге көшкен.
Бұл менің кәсіпкерлікке бет бұруға деген қызығушылығымды бәсеңдетуде және уақыт жағынан ұтылудамын.
Осы жерде менің Сізге қояр сұрағым, осы құжаттарды ЦОН арқылы алуға мүмкіндігім бар ма?
Қызылорда облысы 15.07.2020
Рахмет, Кәсіпкерлік бағытына бет бұру арқылы Сіз өңіріміздегі жұмыссыздықтың санын азайтуға елеулі үлес қосатын боласыз. Биылғы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында шағын және орта бизнес субъектілері үшін іске асырылған мемлекеттік қолдау шараларды, мемлекеттік қызметтерді "бір терезе" қағидатымен бір орталықтан беретін өңірімізде "Бизнеске арналған үкімет" жобасы жүзеге асырылды. "Бизнеске арналған үкіметпен" облыс кәсіпкерлеріне 8 бағыт бойынша 75 қызмет түрлері көрсетілетін болады. Атап айтқанда: кәсіпкерлік және туризм саласы; ауыл шаруашылық саласы; мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласы; жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері; табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу саласы; индустриялды-инновациялық даму саласы; ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау мәселелері; ветеринарлық бақылау және қадағалау саласы. Бұл ретте, Сізге кәсіпкерлік мәселелеріне қатысты құжаттарыңызды рәсімдеу үшін осы сервистік орталықтың қызметін пайдалануды ұсынамын. «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының «Бизнеске арналған үкімет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі, №123 мекенжайында орналасқан.