"Шағын және орта кәсіпкерлік саласының тоқыраудан кейін жандану барысы туралы"
"Шағын және орта кәсіпкерлік саласының тоқыраудан кейін жандану барысы туралы" тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 15.07.2020, 10:00
- 15.07.2020, 17:00
Досжанов Жарқынбек 15.07.2020, 15:12, Сұрақ нөмірі: 9478
Құрметті Гүлшара Наушақызы! Елімізде төтенше жағдай мен карантин режимінің енгізілуі экономикаға кері әсерін тигізбей өтпеді. Азық - түлік емес тауарларды сататын барлық сауда дүкендері жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл сауда саласына қаншалықты кері әсерін тигізді?
Қызылорда облысы 15.July.2020, 15:19
Иә, COVID-19 пандемиясының таралуына байланысты бірқатар кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне уақытша тыйым салынды. Сауда нысандарының жабық болуы себебінен сауда айналымы едәуір төмендеді (89,0 %). Дегенмен, сауда нысандары онлайн жеткізу қызметін жетілдіріп, «Клиентке дейін жеткізу» қағидаты бойынша жұмыс жасады. Яғни, электронды сауданың дамуына мүмкіндік берілді. Бұл ретте, сауда нысандары өз тауарларын арнайы сайттар, қосымшалар, әлеуметтік желідегі парақшалар арқылы жарнамалап, өткізді.