"Шағын және орта кәсіпкерлік саласының тоқыраудан кейін жандану барысы туралы"
"Шағын және орта кәсіпкерлік саласының тоқыраудан кейін жандану барысы туралы" тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 15.07.2020, 10:00
- 15.07.2020, 17:00
Аманжол Мұхаммедқадір 15.07.2020, 16:09, Сұрақ нөмірі: 9480
Сәлеметсіз бе, Гүлшара Наушақызы!
«Байқоңыр» ғарыш айлағының даму келешегі туралы айтып берсеңіз? Ғарыш туризмін дамытуды қалай жоспарлайсыз?
Қызылорда облысы 15.July.2020, 16:11
2019 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев Қызылорда облысына келген кезде Байқоңыр қаласын стратегиялық дамытудың тиімді тетіктерін айқындау және «Байқоңыр» еркін экономикалық аймағын құру қажеттігін атап өтті. Бұл ретте, еркін экономикалық аймақты құру шеңберінде «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру жоспарлануда. Айта кету керек, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағының жобасы Қазақстан Республикасының туристендіру картасының «ТОП-10» нысандар тізіміне енгізілген. Бұл жобаның үлкен әлеуеті мен мемлекеттің ғарыштық туризмді дамытуға мүдделілігін көрсетеді. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағына ғарыш мұражайы, 4 жұлдызды қонақ үй, мейрамхана, жаңа технологиялары бар ғарыштық аттракциондар, зымырандардың іске қосылуын бақылауға арналған қарау алаңдары, аквапарк, ұлттық кәдесый өнімдерінің дүкендері, этноауыл және т.б. кіреді. «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру жылына 250-ден 500 мыңға дейін туристерді тартуға мүмкіндік береді деп жоспарлап отырмыз. Бұл жоба өз кезегінде, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі бойындағы бизнесті дамыту, жолаушылар ағынын ұлғайту, сондай-ақ қонақ үй және мейрамхана бизнесін, қолөнершілікті дамыту үшін мультипликативті әсер береді. Облыс бюджеті кіріс бөлігінің едәуір ұлғаюына әкеледі.