Мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату тәртібі

«Мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Бейсеқұлова Л.М. жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 8
  • Жауаптар: 8
  • 23.07.2020, 10:00
  • 23.07.2020, 17:30

Тусупбаев Азат 23.07.2020, 10:37, Сұрақ нөмірі: 9484

  • 0

Сәлеметсіздерме! Мен мемлекеттік қызметке түсу үшін 2 бағдарлама бойынша тест тапсырдым. Заңдардан өттім, бірақ жеке қасиеттерді бағалау бойынша өте алмадым. Енді мен 15 күн өткен соң тестті қайта тапсырғанда Заңдар бойынша тестілеуді де тапсырамын ба?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.July.2020, 11:39

Сәлеметсізбе! Сіз жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуден қайта өту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өтудің қажеттілігі жоқ. Яғни, тестілеуден өтуге өтініш білдіру кезінде тек жеке қасиеттерді бағалауға ғана жазылып жеке қасиеттерді бағалау тестін ғана тапсырасыз.