Мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату тәртібі
«Мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Бейсеқұлова Л.М. жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 23.07.2020, 10:00
- 23.07.2020, 17:30
Тусупбаева Ботагоз 23.07.2020, 10:43, Сұрақ нөмірі: 9485
Дипломмен ауылға бағдарламасына мемлекеттік қызметшілер қатыса алады деп естідім, сол рас па?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.July.2020, 11:41
Сәлеметсізбе! Ия, Мемлекеттік қызметшілер үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы енгізілді. Бағдарламаға барлық ауылдық округ әкімі аппаратына бас маман немесе жетекші маман лауазымдарына орналасқан тұлғалар көтерме жәрдемақы алуға (2020 жылы 100 АЕК – 277 800 теңге), сондай – ақ, ауылдық елді мекенде 15 жыл мерзімге тұрғын үй сатып алу үшін 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен (2020 жылы 1500 АЕК-4 167 теңге) бюджеттік несие алуға үміткер бола алады.