Мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату тәртібі
«Мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Бейсеқұлова Л.М. жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 23.07.2020, 10:00
- 23.07.2020, 17:30
Тусупбаев Азат 23.07.2020, 15:25, Сұрақ нөмірі: 9486
Мен екінші бағдарлама бойынша тест тапсырып қойып едім, ауылдық мекендерге E-G-3 санатына үшінші бағдарламаның сертификаты керек екен, мен енді үшінші бағадрлама бойынша тест тапсыруым керек па?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.July.2020, 17:27
Сәлеметсізбе! Жоқ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларының» 3 – тарау, 17-тармағына сәйкес «Бірінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды. Екінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат үшінші тестілеу бағдарламасына жататын "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды.» Яғни, екінші бағдарлама бойынша берілген тестілеу сертификаты E-G-3 санатына жарамды.