Мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату тәртібі
«Мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Бейсеқұлова Л.М. жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 23.07.2020, 10:00
- 23.07.2020, 17:30
Құсаин Дина 23.07.2020, 16:56, Сұрақ нөмірі: 9489
Қайырлы күн! Мемлекеттік бос лауазымға өткізілетін конкурсқа үміткер ретінде қатысу барысын өзің үшін өз ұялы телефоныңмен видеоға немесе аудиоға жазып алуға бола ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.July.2020, 17:23
Қайырлы күн! «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 54 тармағына сәйкес, әрбір кандидатпен әңгімелесу, эссе жазу, сондай-ақ іріктеудің басқа құралдарын өткізу барысы техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен белгіленеді. Әңгімелесу барысында техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен белгіленген материалдар конкурс аяқталған сәттен бір жылдан кем емес персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады. Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады. (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығы).