Мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату тәртібі
«Мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Бейсеқұлова Л.М. жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 23.07.2020, 10:00
- 23.07.2020, 17:30
Құсаин Дина 23.07.2020, 16:57, Сұрақ нөмірі: 9490
Егер мемлекеттік қызметкер жалпы конкурсқа қатысатын болса, үміткер жеке қасиеттерін бағалау тестінен өту керек пе жоқ па?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.July.2020, 17:22
Сәлеметсізбе! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 27 бап, 9 тармағына сәйкес Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді. Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.