Мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату тәртібі
«Мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Бейсеқұлова Л.М. жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 23.07.2020, 10:00
- 23.07.2020, 17:30
Азаматова Шырын 23.07.2020, 16:58, Сұрақ нөмірі: 9491
Жеке қасиеттерін бағалау тестінің нәтижесі Заңнамалар бойынша тестілеудің үш бағдарламасына жарамды ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.July.2020, 17:21
Cәлеметсізбе! Мемлекеттік қызметке үміткер азамат Қазақстан республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеудің шекті мәндерінен жоғары балдар жинаса, яғни өтсе, жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеуге қатысуға жіберіледі. Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеуде 13 құзіреттіліктерден тұратын тек бір ғана бағдарлама қарастырылған. Осылайша, жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері заңнамаларды білуге арналған тестілеудің үш бағдарламасына да жарамды