«Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасарлары Б.Ахметов және Т.Медет жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 15
- Жауаптар: 16
- 24.07.2020, 09:00
- 24.07.2020, 18:00
Темиргалиева Бахт 24.07.2020, 11:26, Сұрақ нөмірі: 9496
Сәлеметсіз бе! Әскери билетімді ауыстыру үшін мемлекеттік қызмет алу жолын түсіндіріп жіберсеңіз.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.07.2020
Қайырлы күн! Ол үшін Сіз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ немесе «Электронды үкімет» порталы арқылы құжаттар тапсыра аласыз. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 10 жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: - нысан бойынша өтініш; - жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); - қолда бар әскери билеттің түпнұсқасы; - көлемі 30х40мм фотосурет – 2 дана.