«Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасарлары Б.Ахметов және Т.Медет жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 15
- Жауаптар: 16
- 24.07.2020, 09:00
- 24.07.2020, 18:00
Утемисова Айнаш 24.07.2020, Сұрақ нөмірі: 9499
Қайырлы күн. Қазір мен қала әкімдігіне конкурсқа қатысып жатырмын. Құжаттарымның бәрін электрондық пошта арқылы жібердім. Вируспен болып жатқан жағдайға байланысты мен әңгімелесуді онлайн өткізуді талап ете аламын ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.July.2020, 15:24
Қайырлы күн! «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидасының 90-тармағында жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін деп көрсетілген. Осыған орай, әңгімелесуге Сіздің қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатысуға мүмкіндігіңіз бар. Сонымен қатар, Қарағанды облысының мемлекеттік органдарымен әңгімелесуді қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізу кеңінен қолданылуда.