«Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасарлары Б.Ахметов және Т.Медет жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 15
- Жауаптар: 16
- 24.07.2020, 09:00
- 24.07.2020, 18:00
Абдыкаримова Айгуль 24.07.2020, 14:04, Сұрақ нөмірі: 9500
Сәлеметсізбе, 2017 жылы жоғары оқуымды басқа қалада аяқтаған едім.Мамандығым бойынша жұмыс болмай, уақытша басқа істермен айналыстым. Қазіргі уақытта мамандығым бойынша жұмысқа орналасайын десем, дипломымдыжоғалтып алдым. Енді дипломды қайта қалпына келтіру үшін оқуымды аяқтаған қалаға баруым қажет пе? Қанша мерзімде дайын болады? Ақылы ма әлде тегін бе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.July.2020, 15:36
Қайырлы күн! Жоғары оқу туралы құжаттың телнұсқасын алу үшін басқа қалаға барудың қажеті жоқ. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру - мемлекеттік қызмет болып табылады және оны көрсету тәртібі тиісті Стандартпен рәсімделеді (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі№ 186 бұйрығымен бекітілген). Стандарттың талаптары бойынша бұл мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті тұрғылықты жеріңіз бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының бөліміне немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қалдыра аласыз. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда өзіңіздің жеке басыңызды куәландыратын құжат (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі) қажет етіледі, сонымен қатар, Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының немесе оның заңды өкілінің (нотариалды куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының сенімхаты) білім беру ұйымы басшысының атына өтініш жазылады. Ал көрсетілетін қызметті алу үшін порталға жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданылатын парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш. Құжаттыңыздың телнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жүгіну арқылы құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде беріледі.