«Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасарлары Б.Ахметов және Т.Медет жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 15
- Жауаптар: 16
- 24.07.2020, 09:00
- 24.07.2020, 18:00
Асанов Толеу 24.07.2020, 15:24, Сұрақ нөмірі: 9502
Менің көршім аяғынан мүгедек, соған санаторий-курорттық емдеуге жолдама алу мемлекеттік қызметке жатады ма? Ол үшін қайда жүгіну қажет?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.July.2020, 16:06
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген. Осы стандартқа сәйкес, өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет»МК КЕАҚ және қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы тапсыра аласыз. Стандартқа сәйкес, құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап сізге мемлекеттік қызметті 10 жұмыс күні ішінде көрсетуі тиіс. Сонымен қатар, Стандартың 9 тармағына сәйкес келесі құжаттарды ұсыну қажет: 1) өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); 3) мүгедектен сенімхат алған адамдар жүгінген жағдайда мүгедектен нотариалды куәландыруды талап етпейтін сенімхат.