«Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасарлары Б.Ахметов және Т.Медет жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 15
- Жауаптар: 16
- 24.07.2020, 09:00
- 24.07.2020, 18:00
Абеуова Гульмайра 24.07.2020, 15:42, Сұрақ нөмірі: 9503
Мемлекеттік органдар заң бойынша қанша күннің ішінде конкурс жариялауы керек? Мысалы, наурыз айында бас маманның орны босады, бірақ әлі күнге дейін бос орынға конкурс жарияланған жоқ.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.July.2020, 16:21
Қайырлы күн! Мемлекеттік қызмет саласын реттейтін заңнамалық актілермен бос орын пайда болған уақытта оны міндетті түрде толтыру мерзімі нақты көрсетілмеген. Яғни, бос орынды толтыру және қандай мерзімде оны толтыратындығы әрбір мемлекеттік органның өз құзырында екендігін жеткіземіз. Дегенмен тек сол лауазымға конкурсты күтпей, басқа да конкурстарға қатысып, бағыңызды сынап көруге кеңес береміз.