«Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері»
«Мемлекеттік қызметке саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасарлары Б.Ахметов және Т.Медет жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 15
- Жауаптар: 16
- 24.07.2020, 09:00
- 24.07.2020, 18:00
Абеуова Гульмайра 24.07.2020, 16:31, Сұрақ нөмірі: 9506
Саламатсыз ба! Мемлекеттік қызметте бас маманның лауазымында жұмыс істеп жүргеніме 10 ай болды. Қазір сектор меңгерушісіне ішкі конкурс жарияланды. Алайда, бір жыл еңбек өтілім болуы қажет. Сіздерден сұрайтыным, мемлекеттік қызметке түскен уақытта бас маманның міндетін атқарған уақытымды қоса есептеуге бола ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.July.2020, 17:28
Қайырлы күн! Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес міндетін уақытша атқарған уақыт мемлекеттік қызмет өтіліне жатқызылды. Осыған орай, бас маманның міндетін атқарған уақытыңыз екі айды құрайтын болса, онда сектор меңгерушісі лауазымына ішкі конкурсқа қатыса аласыз.