«Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін медициналық көмектер»
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін медициналық көмектер» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 29.07.2020, 10:00
- 29.07.2020, 17:00
Калибаева Маржан 29.07.2020, 11:47, Сұрақ нөмірі: 9507
Құрметті Гүлшара Наушақызы!
Қазіргі таңда індеттің таралуы сәл төмендеп, жедел жәрдем шақырысы да азайды деп хабарлап жатыр. Осы тұрғыда жедел жәрдем шақырысы қаншалықты деңгейде азайғандығына тоқтала аласыз ба?
Қызылорда облысы 29.07.2020
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызға рахмет! Аймағымыз бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделі кезде облысымыздағы жедел жәрдем шақыртулары тәулігіне 2 жарым мың шақыру болып, жүктеме 2 есеге артқан болатын. Қазіргі таңда ахуалдың тұрақталуына байланысты шақыртулар саны да азайды. 2020 жылдың маусым айының шақырудың шарықтау шегімен салыстырғанда 52,7 пайыз азаюы байқалады. Ал соңғы 2 аптада жалпы орындалған жалпы шақыру саны 39 пайызға азайды. Оның ішінде тыныс алу жолдарының аурулары 74% азайса, жедел респираторлық вирусты инфекция жағдайлары 82,5 пайызға, пневмония жағдайлары 60 пайызға азайған. Пневмония жағдайларымен шақыру көп кезінде науқастардың 85 пайызы стационарға жатқызылса, қазіргі таңда 45,3 пайызы тасымалданып, жатқызылу көрсеткіші 79,3 пайызы құрап отыр. Яғни ауыр түрдегі науқастардың азайғаны анық байқалады. Үйде қалдырылған жеңіл және орташа дәрежедегі науқастарға емханалар жанынан құрылған мобильді топтармен көмек көрсетілуде. Шақыру көп кезде 1-3 санаттылық бойынша бір жедел жәрдем тобына 30-35 шақырудан келсе, қазір тәулігіне 16-18 шақыру, 4 санатты жедел жәрдем тобына 20-22 шақырудан орындалуда.