«Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін медициналық көмектер»
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін медициналық көмектер» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 29.07.2020, 10:00
- 29.07.2020, 17:00
Аубакиров Канат 29.07.2020, Сұрақ нөмірі: 9508
Құрметті Гүлшара Наушақызы!
Қазіргі таңда емхана жанынан құрылған халыққа үйден медициналық қызмет көрсететін мобильді топ құрылғандығын естіп, көмегіне жүгініп те жүрміз. Осы ретте облыс бойынша неше мобильді топ бригадасы құрылғандығын білуге болады ма?
Қызылорда облысы 29.07.2020
Қайырлы күн! Сұрағыңызға рахмет! Науқастарға амбулаторлық жағдайда медициналық көмектің қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында және динамикалық бақылауды қажет ететін науқастарды үй жағдайында бақылау үшін облыс бойынша 125 мобильді топтар ұйымдастырылып, оның 33-і қалада, 28-і аудан орталықтарында және 64-і елді мекендерде халыққа қызмет көрсеткен болатын. Қазіргі таңда елді-мекендерге қосымша 36 мобильді топ қосылып, шалғай ауылдардағы мобильді топ саны барлығы 100-ге жеткізілді. Ал қалған 33-қалада, 28-і аудан орталықтарында бұрынғыша қызметтерін жалғастыруда. Бүгінгі таңда аймақ бойынша емхана жанынан құрылған барлығы 161 мобильді топ халыққа қызмет көрсетуде. Мобильді топ құрамына 1 дәрігер, 1 орта буын қызметкері және 1 жүргізуші кіреді. Одан бөлек, ағымдағы жылдың 13 шілдесінен бастап пневмония диагнозы қойылып, амбулаторлы емді қажет ететін науқастарға «Үй жағдайындағы стационар» қызметі қосылған болатын. Бүгінгі таңда аталған қызмет 7 бастапқы медициналық санитариялық көмек (БМСК) ұйымында (№1,6 қалалық емхана, «Сенім» ЖШС, Арал, Қармақшы, Жаңақорған аудандары және «Қазалы теміржол» ЖШС) іске қосылған.