«Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін медициналық көмектер»
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін медициналық көмектер» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 29.07.2020, 10:00
- 29.07.2020, 17:00
Мерғали Қарлығаш 29.07.2020, Сұрақ нөмірі: 9509
Құрметті Гүлшара Наушақызы!
Бүгінгі күні халық арасында аймағымызда провизорлық, инфекциялық стационарларда орын барма?
Қызылорда облысы 29.July.2020, 13:28
Сәлеметсіз бе, Қарлығаш! Сұрағыңызға рақмет! Облыс аумағында коронавирус инфекциясымен ауырған және қарым-қатынаста болғандарды бақылау мақсатында барлығы 2 405 төсек-орын ұйымдастырылды. Оның ішінде инфекциялық төсек орын 645 және провизорлық төсек орын 1 760. Қазіргі таңда стационарларда орын тапшылығы жоқ. Қажеттілік туындаған жағдайда инфекциялық 200 және провизорлық 300 қосымша (резерв) төсек-орын оңтайландыруға мүмкіншілік бар.