«Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін медициналық көмектер»
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін медициналық көмектер» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 29.07.2020, 10:00
- 29.07.2020, 17:00
Есенбаева Надежда 29.07.2020, Сұрақ нөмірі: 9511
Құрметті Гүлшара Наушақызы!
Денсаулық саласына және қазіргі эпидемиологиялық ахуалға қатысты сұрақтарымызға телефон арқылы жауап ала алатын бізде бірыңғай CALL орталығы барма?
Қызылорда облысы 29.July.2020, 13:56
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызға рахмет! 20 шілдеден бастап аймағымыздағы эпидемиологиялық ахуал жайлы ақпарат алу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «CALL орталығы» жұмыс жасайды. Қамтылған 14 қызметкер 24/7 тәртібімен, яғни тәулік бойы халыққа қызмет көрсетеді. Қызылорда облысы бойынша 8-800-080-22-26, 40-00-01 CALL орталығына хабарласу арқылы және "Facebook" әлеуметтік желісіндегі #Oblystyq Jastar Densaylygy Ortalygy парақшасына хабарлама қалдыру арқылы эпидахуал жайлы ақпарат алып, керіс байланыс орнатуға болады. Қоңырау тегін қабылданады.