Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Бейсеқұлова Л.М. жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 06.08.2020, 09:30
  • 06.08.2020, 18:00

Мәмбеталы Дәурен 06.08.2020, 11:43, Сұрақ нөмірі: 9515

  • 0

егов порталы арқылы жеке куәлікті ауыстыруға болама.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.08.2020

Қайырлы күн! Болады, Азаматтық, миграция және иммиграция бөліміне кіріп паспорт, жеке куәлік алу айдарына кіріп онлайн сұрау батырмасын басасыз өтінімді толтырып оған ЭЦҚ қол қоясыз, өтінімге қосымша фотосуретті (фотосуретке қойылатын талаптар) қол қою үлгісін қоса беру (сканерленген қол қою сүретіне арналған талаптары). Қажет болған кезде қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік баж алымын төлеу «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.