Қазақ руханиятындағы ұлы Абай мұрасының құндылығы

«Қазақ руханиятындағы ұлы Абай мұрасының құндылығы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Ақмола облысының әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлы жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 10.08.2020, 09:00
  • 10.08.2020, 17:00

Мирхамидов Бахтияр 10.08.2020, 14:52, Сұрақ нөмірі: 9523

  • 0

Қазақ руханиятындағы Абай мұраларының құндылығы?

Ақмола облысы 10.August.2020, 15:13

Қайырлы күн, Бахтияр! Сұрағыңызға рахмет. Хакім Абай туындылары бүгінде халқымыз үшін, ұлттық тәлім - тәрбиенің негізгі, жастарымыздың адаспай, білімді, білікті, тәрбиелі де тәлімді тұлға болып қалыптасуының алтын темірқазығы рөлін атқаруда десек артық айтқанымыз емес. Осы сөзіміздің айқын дәлелі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді» - деп ерекше атап өткен болатын. Абай атамыздың әдеби мұрасы өзінің көркемдік құндылығымен заманауи ұлттық өнердің қайнар бұлағына айналып, ел тарихында өшпес із қалдырды. Ұлы ағартушының асыл туындылары қанша уақыт өтсе де өз маңызы мен құндылығын жойған жоқ. Керісінше, Абай мұрасы – күннен-күнге нәр алып, өз ұрпағының рухани қазынасына айналып отыр. Абай шығармаларында ұлы Далада өмір сүрген қазақ халқының бар болмыс-тіршілігі, ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен жан-дүниесі суреттелген. Абайдың туындыларына зер салсақ, елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз.