Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы
«Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары Манапов Қ.Т. жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 13.08.2020, 09:45
- 13.08.2020, 17:00
Тусупбаев Азат 13.08.2020, 10:27, Сұрақ нөмірі: 9531
Сәлеметсіз бе, төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан әңгімелесу өткізуге бола ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.August.2020, 10:57
Сәлеметсіз бе! Соңғы өзгерістерге сәйкес, Конкурстық іріктеуді өткізу қағидаларының 53-тармағына және 90-тармағына сәйкес (2017 жылғы 21 ақпандағы№40), ішкі және жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.