Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы
«Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары Манапов Қ.Т. жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 13.08.2020, 09:45
- 13.08.2020, 17:00
Куанышбаев Дулат 13.08.2020, 11:43, Сұрақ нөмірі: 9532
Сәлеметсіз бе, "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қандай сома бөлінеді?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.August.2020, 11:54
Сәлеметсіз бе! Көрсетілген бағдарлама бойынша көзделген соманың мөлшері 1500 айлық есептік көрсеткішті құрайды.