Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы
«Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары Манапов Қ.Т. жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 13.08.2020, 09:45
- 13.08.2020, 17:00
Куанышбаев Дулат 13.08.2020, 11:45, Сұрақ нөмірі: 9533
Сұрағымды толықтырсам, "Дипломмен ауылға" бағдарламасына мемлекеттік қызметкерлер санаты енгізілгені рас па?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.August.2020, 11:52
Қайырлы күн! Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне (басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда) әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары ұсынылады. Осы жылдан бастап ауылдық жерге мемлекеттік қызметке орналасқан азамат осы бағдарламаға қатыса алады.