Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы
«Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары Манапов Қ.Т. жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 13.08.2020, 09:45
- 13.08.2020, 17:00
Тукушев Ернар 13.08.2020, 15:56, Сұрақ нөмірі: 9536
Сәлеметсіз бе, Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес 2-ші ішкі конкурс жалпы конкурсқа біріктірілді, егер мемлекеттік қызметші, басқа мемлекеттік органның конкурсына қатысқысы келсе, енді тек жалпы конкурсқа қатыса ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.August.2020, 16:15
Саламатсызба! Мемлекеттік қызметке кіру үшін конкурстық рәсімдер 3 кезеңдік конкурстық іріктеуден 2 кезеңге дейін оңтайландырылды. 2-ші ішкі конкурс және жалпы конкурс біріктірілген («Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» ҚРЗ –ның 27-бабы 1-тармағы). Жергілікті атқарушы органдар өткізетін ішкі конкурсқа осы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың барлық жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы (Заңның 29-бабы). Яғни, сіз аудандық, ауылдық немесе облыстық деңгейлерде жергілікті атқарушы органдардың барлық ішкі конкурстарына қатыса аласыз. Орталық мемлекеттік органдармен, оның ведомстволары және аумақтық бөлімшелерімен де осындай жағдай (мемлекеттік органның бір жүйесі ішінде қатысуға құқылы). Сонымен қатар, тестілеуден және жеке қасиеттерін бағалаудан өтпестен жалпы конкурсқа да қатысуға құқылы.