«Аймақтағы құрылыс және сәулет саласының дамуы»
«Аймақтағы құрылыс және сәулет саласының дамуы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 19.08.2020, 10:00
- 19.08.2020, 17:00
Оразхожаев Нурсултан 19.08.2020, 11:07, Сұрақ нөмірі: 9546
Ағымдағы жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан тұрғын үй құрылысы туралы айтып өтсеңіз?
Қызылорда облысы 19.August.2020, 11:55
Қайырлы күн! Сұрағыңызға рақмет! 2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік бюджеттен барлығы15,6 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде тұрғын үй құрылысына11,1 млрд.теңге бөлінді. Облыс бойынша 87 тұрғын үйдің (1406 пәтер) құрылысы жүргізілуде. Жалға берілетін үйлердің құрылысы бойынша – 20 үй (815 пәтер): • Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында – 15 үй (725 пәтер); • Шиелі ауданы Шиелі кентінде – 5 үй (90 пәтер). 2020 жылы 698 пәтерлі 15 үй пайдалануға беріледі. Несиелік тұрғын үйлердің құрылысы бойынша – 57 үй (215 пәтер – 13,1 мың ш.м): • Қызылорда қаласы СПМК-70 м/а - 2 үй (100 пәтер – 6,3 мың ш.м) • Арал ауданы Арал қаласында - 10 үй (40 пәтер -2,4мың ш.м); • Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде -10 үй (40 пәтер -2,0 мың ш.м); • Жалағаш ауданы Жалағаш кентінде – 10 үй (10 пәтер -0,7 мың ш.м); • Шиелі ауданы Шиелі кентінде – 25 үй (25 пәтер -1,7 мың ш.м); 2020 жылы 115 пәтерлі 55 үй пайдалануға беріледі. Жеке құрылыс салушылар есебіненҚызылорда қаласында 10 тұрғын үйдің (376 пәтер)құрылысы жүргізілуде, жыл соңына дейін 4 тұрғын үй (156 пәтер) пайдалануға беріледі. Жалпы 2020 жылдың аяғына дейін 969 пәтерлі 74 үйді пайдалануға беру жоспарлануда.