«Аймақтағы құрылыс және сәулет саласының дамуы»

«Аймақтағы құрылыс және сәулет саласының дамуы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 19.08.2020, 10:00
  • 19.08.2020, 17:00

Асан Сұңқар 19.08.2020, Сұрақ нөмірі: 9547

  • 0

2020 жылы әлеуметтік нысандар құрылысы бойынша қандай жұмыстар атқарылатын болады?

Қызылорда облысы 19.August.2020, 13:33

Cәлеметсіз бе! 2020 жылы барлығы 30 әлеуметті нысанның құрылысы жүргізілуде, (13 нысан 2019 жылдан өтпелі, 17 жаңа нысан) оның ішінде: • Білім беру саласы бойынша – 11 нысан (мектеп-4, балабақша-2, қосымша құрылыс-1, лагерь-1, білім беру орталығы-1, оқушылар үйі-2) • Денсаулық сақтау саласы бойынша – 4 нысан(1-емхана, 2-аурухана, 1-қайта жаңғырту) • Мәдениет саласы бойынша – 4 нысан (1-мәдениет үйі, 1-ауылдық клуб, 1-қосымша құрылыс) • Спорт және туризм объектілерін дамыту саласы бойынша – 4 нысан (1-теннис,1-денешынықтыру сауықтыру кешені, 1-байдарка және каноэ есу базасы, 1-спорт алаңы) • Әкімшлік ғимарат – 2 нысан • Қоғамдық тәртіп саласы бойынша – 4 нысан (1- полигон, 3-ішкі істер бөлімшесіне қосымша құрылыс) Темір жол тұйығы – 1 нысан. 2020 жыл соңына дейін 22 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда.