«Аймақтағы құрылыс және сәулет саласының дамуы»

«Аймақтағы құрылыс және сәулет саласының дамуы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 19.08.2020, 10:00
  • 19.08.2020, 17:00

Нұртазаев Нұрбол 19.08.2020, 16:04, Сұрақ нөмірі: 9548

  • 0

Қызылорда қаласының сол жағалауының игерілуі бойынша айтып өтсеңіз?

Қызылорда облысы 19.August.2020, 16:34

Сәлеметсіз бе! Үкімет қаулысымен бекітілген Қызылорда қаласының бас жоспарының жобалық шешімдерді жүзеге асыру мақсатында 2016 жылы Қызылорда облысы әкімдігі Сырдария өзенінің сол жағалауын кешенді түрде игеруді бастау жөнінде шешім қабылдады. Осыған орай, 2017 жылы бекітілген бас жоспарға сәйкес Сырдария өзенінің сол жағалауындағы аумақта жаңа қаланың құрылысы басталды. Сырдария өзенінің сол жағалауын тиімді игеру мақсатында кезең-кезеңдерге бөліп, тұрғын үйлермен ғимараттар бой көтеруде. Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қала бұл 1532 гектар аумақ, оның ішінде 367 гектар жер телімі – рекрециялық аймақтарға, 537 га – тұрғын үй құрылысына, 190 га – сауда орындары мен офистік ғимараттарға, 270 га – әлеуметтік инфрақұрылымдарға арналған. Бүгінгі күні «Болашақ» университетінің бас корпусы, Жастар орталығы, Қазақ орталық атқару Комитетінің үлгісіндегі мұражай, 320 орындық балабақша, 700 орындық мектеп және тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Қызылорда қаласының сол жағалауын дамыту жобасы өңіріміздің ең маңызды жобаларның бірі болып табылады және оның іске асырылуы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып, алдағы уақытта аймақ экономикасының түрлі салаларын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді.