Мемлекеттік қызметке қабылдау, тағылымдама және оқыту мәселелері
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агетігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасарының қатысуымен интернет-конференция
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 20.08.2020, 15:00
- 20.08.2020, 18:00
Джунисбеков Ерлан 20.08.2020, 15:15, Сұрақ нөмірі: 9551
Менің ағам бір мемлекеттік органда бөлім басшысы, мен сол мемлекеттік органға қызметке тұра аламын ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.August.2020, 15:35
Қайырлы күн, Құрметті Ерлан Ағаңыздың атқаратын лауазымына тiкелей бағыныстағы мемлекеттiк лауазымды қоспағанда, мемлекеттік органның кез-келген лауазымына қызметке тұрааласыз. Себебі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы ҚР Заңының 13-бабы 7-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қызметшi өзiнiң жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары (жұбайының (зайыбының) аға-інілері, апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тiкелей бағыныстағы мемлекеттiк лауазымды атқара алмайды.