Мемлекеттік қызметке қабылдау, тағылымдама және оқыту мәселелері
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агетігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасарының қатысуымен интернет-конференция
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 20.08.2020, 15:00
- 20.08.2020, 18:00
Сүлейменов Азамат 20.08.2020, 15:42, Сұрақ нөмірі: 9552
Саламатсыздарма! Менің сұрағым қызметтік іссапарға қатысты. Егер де мені қызметтік іссапарға басқа қалаға жіберетін болса, мен қандай өтемақыларға үміттене аламын?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.August.2020, 15:59
Қайырлы күн, Құрметті Азамат «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 57-бабына сәйкес, мемлекеттiк қызметшілерге Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен қызметтiк iс сапарларға, оның iшiнде шет мемлекеттерге iссапарға баруға арналған шығыстары өтеледi. Сіздің iссапарда болған уақытыңызға тәулік ақы алуға, межелі жерге жету және кері қайту үшін жүріп-тұру шығыстарына, тұрғын үй-жай жалдау шығыстарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кепiлдiктеріңіз бен құқығыңыз бар. Сонымен қатар, сіздің іссапардағы барлық уақыт бойында жұмыс орныңыз (мемлекеттік лауазымыңыз) және жалақыңыз сақталады.