Мемлекеттік қызметке қабылдау, тағылымдама және оқыту мәселелері
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агетігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасарының қатысуымен интернет-конференция
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 20.08.2020, 15:00
- 20.08.2020, 18:00
Копжасаров Талгат 20.08.2020, 16:07, Сұрақ нөмірі: 9554
Қайырлы күн. Сізден сұрайын дегенім, мемлекеттік қызметтен шығып, қайта кірген азаматқа сынақ мерзімі белгеленеді ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.August.2020, 16:32
Сәлеметсіз ба, Құрметті Талгат! егер азамат мемлекеттік қызметтен қызметін бағалаудың, сынақ мерзімінің, аттестаттау қорытындысының теріс нәтижелері бойынша мемлекеттік лауазымнан шығарылған болса, мемлекеттік әкімшілік қызметке қайта кірген кезде сынақ мерзімінен міндетті түрде өтеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш реет кірген азаматтарға атқаратын мемлекеттік лауазымдарға сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімі үш ай. Сынақтан өту шарты мемлекеттік органның жұмысқа қабылдау туралы актісінде көрсетіледі. Осы көрсетілген талаптар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 20 бабында көрсетілген.