Мемлекеттік қызметке қабылдау, тағылымдама және оқыту мәселелері
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агетігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасарының қатысуымен интернет-конференция
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 20.08.2020, 15:00
- 20.08.2020, 18:00
Бугыбаев Алжанбек 20.08.2020, 17:56, Сұрақ нөмірі: 9559
Сәлеметсізба, мемлекеттік қызметші тағылымдаман қай кезде өтеді?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.August.2020, 17:56
Сәлеметсізбе, Құрметті Алжанбек! Егер мемлекеттік қызметшінің қызметте жұмыс өтілі бір жылдан кем болмаса, оны тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде кәсіби білім алуы мен тәжірибе жинақтауы мақсатында, мемлекеттік орган «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 36 бабын басшылыққа ала отырып, жолдамамен жіберу арқылы мемлекеттік қызметшіні тағылымдамадан өткізеді. Тағылымдамадан өту кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орны және жалақысы сақталады. (Тағылымдамадан өту ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылыдама қағидаларында» көзделген).