«Қызылорда облысында жастар арасындағы волонтерлік қызметті дамыту мәселелері»

«Қызылорда облысында жастар арасындағы волонтерлік қызметті дамыту мәселелері» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 26.08.2020, 10:00
  • 26.08.2020, 17:00

Қонқабаев Нұрболат 26.08.2020, 10:29, Сұрақ нөмірі: 9563

  • 0

Қайырлы таң; Гүлшара Наушақызы! Сәрсенбі күніңізге сәттілік тілейміз! Еріктілік – бұл ұстаным, бұл болмыс. Жастардың бойында осы қасиеттерді қалыптастыру мақсатында облыс мектептерінде оқушыларға волонтерлікке байланысты онлайн тәрбие сағаттарын өткізуді қолға алсақ деген ұсынымымыз бар.

Қызылорда облысы 26.August.2020, 11:20

Қайырлы күн, Нұрболат! Сұрағыңызға рақмет. Биылғы жыл волонтерлердің еншісінде. Елімізді айналып өтпеген пандемия кезінде Сыр волонтерлері жұдырықтай жұмыла білді. Бірі бетперде, бірі оттегі баллондарын таратуда, азық-түлік үлестіру шараларында белсенділік танытты. Волонтерлік қызмет – өз еркіңмен баратын жүректің жұмысы. Ал, жүректің жұмысы жанданса, қоғам өркениетке өздігінен қадам басатыны сөзсіз. Соның ішінде еріктілердің кейінгі буынға үлгі болар осы істерін насихаттау қолдауға тұрарлық бастама деп білеміз. Оның ішінде Сіз ұсынған онлайн тәрбие сағаттарын волонтерлардың өткізуі өте құптарлық іс. Бастаманы толық құптаймын.Облыстық білім басқармасымен бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын.

Өткелбай Бибінұр 26.08.2020, 11:27

Рахмет!