«Қызылорда облысында жастар арасындағы волонтерлік қызметті дамыту мәселелері»

«Қызылорда облысында жастар арасындағы волонтерлік қызметті дамыту мәселелері» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 26.08.2020, 10:00
  • 26.08.2020, 17:00

Өткелбай Бибінұр 26.08.2020, 11:29, Сұрақ нөмірі: 9565

  • 0

Құрметті Гүлшара Наушақызы! Мемлекет басшысы елімізде волонтерлік сағаттарды еңбек өтіліне қосу әдістемесін енгізу маңызды деген болатын. Еріктілерге еңбек кітапшасын толтыру заңдылығын қарастыру қашан қолға алынады?

Қызылорда облысы 26.08.2020

Қайырлы күн! Сұрағыңызға рақмет! Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жылды «Волонтер жылы» ретінде жариялап, жыл басында бірқатар артықшылықтарды атады. Соның ішінде волонтерлердің еңбек кітапшасында волонтерлік жұмыс сағаттарын жұмыс өтілі ретінде көрсету мәселесі де бар. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлер қызметі және қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы 2020 жылдың 8 тамызында әзірленіп, 11-25 тамыз аралығында қоғамдық талқылауға ұсынылды. Оның негізінде волонтерлік қызметке қатысу ынтасын арттыру үшін жоғары оқу орындарына, мемлекеттік қызметке, үміткердің жеке қабілетін және кәсіби даярлығын ескере отырып, оқуға түсу кезінде артықшылықтар алу бөлігінде волонтерлердің құқықтарын заңнамалық түрде кеңейту қарастырылады. Сонымен қатар студенттер түрлі деңгейдегі жобаларға қатысып ғана қоймай, өздерінің кәсіби құзыреттерін дамытуға мүмкіндік алады. Осы ұсыныстар мен толықтырулар қабылданған жағдайда волонтерлерге еңбек кітапшасында волонтерлік жұмыс сағаттарын жұмыс өтілі ретінде көрсету көзделуде.